"Бәйтерек" тобы » КГКП "Ясли сад №131"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№131 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 223-05-67
Әдіскер:
+7(727) 223-05-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
тамыз
2016

"Бәйтерек" тобы


Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта», «Қатынас». 
Бөлімдер: «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту». 
Тақырыбы: «Кім неден күшті» ертегісі.
Мақсаты: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға 
үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту. «Кім неден күшті» ертегісін конус театры арқылы сахналау.
Сөздік жұмыс: «Кім күшті»
Билингвалды сыңары: Қырғауыл- фазан-pheasants, мұз-лед-ice, жел-ветер-wind, жаңбыр-дождь-rain, жер-земля-earth,тышқан-мыш-mouse, қасқыр-волк-wolf ,құмырсқа-муравей-ant , көк шөп-зеленая трава-green grass,мылтық-руже-qun.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, ертегі желісі бойынша слайд, конус театры,мақал-мәтелдер.

[code]Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрек
Мотивациялық қозғаушылық — Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
— Балалар бүгін көңіл — күйлерің қалай?
— Жақсы болса, бәріміз қосылып
«Ертегілер әлемі» саяхатқа шығайық.
— Балалар, ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?
— Ертегілер елінде кімдер тұрады?

— Ертегілер бізді неге үйретеді?

— Ал ертегі дегеніміз не? (Ертегі халық ауыз әдебиетінің түрі, халық шығармасы, халық мұрасы.)
— Ертегілер неше топқа бөлінеді? (қиял — ғажайып, хайуанаттар туралы, тұрмыс — салт ертегілері)

Балалар іс-қимыл жасай отырып, қонақтарға бас иіп амандасады.

-Өте жақсы.

-Қызықты.

-Адамдар,аңдар, сыйқыршылар.
-Жақсылықа, еңбекке,мейрімділікке.
Балалардың жауабы тыңдалады:
-халық мұрасы.

-қиял — ғажайып, хайуанаттар туралы, тұрмыс — салт ертегілері
Ұйымдастырушылық-ізденісті – Балалар, сендер ертегілерді ұнатасыздар ғой. 
Онда бүгін біз«Кім неден күшті» деп аталатын қазақтың халық ертегісін интерактивті тақтадан көре отырып есімізге түсіріп, ертегі кейіпкерлерін конус театры арқылы сахыналап көрсек қалай қарайсындар? Билингвалды сыңары: Қырғауыл- фазан-pheasants, мұз-лед-ice, жел-ветер-wind, жаңбыр-дождь-rain, жер-земля-earth,тышқан-мыш-mouse, қасқыр-волк-wolf ,құмырсқа-муравей-ant , көк шөп-зеленая трава-green grass,мылтық-руже-qun.

Сөздік жұмыс: «Кім күшті»
-Балалар әр бір ертегіні бізге апаларымыз,аталарымыз бастап айтып береді. Сондықтан бүгін ертегіміздің бастаушысы Максим болады. 
Ерте, ерте, ерте екен, 
Ешкі жүні бөрте екен. 
Қырғауылы қызыл екен. 
Құйрық жүні ұзын екен. 
Қырғауылы қырқылдап, 
Жалтыр мұзға сыртылдап, 
Алшая келіп қоныпты, 
Шаты айрылып қалыпты. 
Қисая жатып қырғауыл 
Сонда мұздан сұрапты: 
- Мұз, мұз, сен неден күшті болдың? 

- Жаңбыр, жаңбыр, сен неден күшті болдың? 
- Жер, жер, сен неден күшті болдың? 

- Көк шөп, көк шөп, сен неден күшті болдың? 

- Көк тоқты, көк тоқты, сен неден күшті болдың? 

- Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың? 

- Көк мылтық, көк мылтық, сен неден күшті болдың? 

- Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың? 

- Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың? 
- деген екен құмырсқа.
-Ия

-Сахыналайық
Балалар қазақша-орысша-ағылшынша сөдікті қайталайды: : Қырғауыл- фазан-pheasants, мұз-лед-ice, жел-ветер-wind, жаңбыр-дождь-rain, жер-земля-earth,тышқан-мыш-mouse, қасқыр-волк-wolf ,құмырсқа-муравей-ant , көк шөп-зеленая трава-green grass,мылтық-руже-qun.
Қайталау: Кім күшті
Қатысушылар:ертегіші-Максим Каюрин, қырғауыл-Кременецкая Мария, мұз-Мусаева Данелия, жаңбыр-Максумова Эльнура, жер-Рахманова Раяна, көк шөп-Турдиева Ризвана, көк тоқты-Болат Ералы, қасқыр-Ганиев Икрам,мылтық-Сары Нұрбибі, тышқан-Садыкова Азиза, құмырсқа-Адылжанов Эмир.

- Мен күшті болсам, бауырымды жаңбырға тестірмес едім. 
- Мен күшті болсам, жерге жұтқызар ма едім. 
- Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды жардырмас едім.
- Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан жұлқымас еді. 
- Мен күшті болсам, көк шұнақ қасқырға құйрығымды жұлқытпас едім. 
- Мен күшті болсам, көк мылтыққа құйрығымды ойдырмас едім. 
- Мен күшті болсам, қоңыр шолақ тышқанға білтемді қидырмас едім. 
- Мен күшті болсам, құмырсқаға інімді алдырмас едім. 
- Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды желкелеген күштімін, 
Іс-әрекетті бақылау кезеңі –Балалар,сендерге ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма? 
Ертегіде қандай кейіпкерлер болды?


Қырғауылға кім көмектесті? 
Әрине сендер.
— Жарайсыңдар балалар! Бүгін бәрің өте әдемі болып, жақсы қатысып отырсыңдар. Сендерге рахмет. Орнымыздан тұрамыз. Балалар қонақтарға не дейміз.
-Ия.


Қырғауыл, мұз, жаңбыр, көк шөп,жер,мылтық,аңшы,тышқан,қасқыр,құмырсқа.
-біз

Балалар: Сау болыңыздар!


Күтілетін нәтиже :
Білу: Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамытту.
Суретке қарап мазмұнын түсіне білу. 
Меңгеру: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтірді. 
Істей алу: «Кім неден күшті» ертегісін конус театры арқылы сахналау.
"Бәйтерек" тобы"Бәйтерек" тобы