«Ал сіздің балаңыз жақсы сөйлей ме?»
Әрине, сіз бала дайын қалыптасқан сөйлеу тілімен дүниеге келмейтінін білесіз. Бала біртіндеп, қадам-қадаммен дыбыстарды дұрыс әрі анық айтуға, сөздерді бір-бірімен байланыстыруға, сөйлем құрауға, өз ойын жүйелі және түсінікті жеткізуге үйренеді. Көптеген ата-аналардың алдында мынадай сұрақтар туындайды: баланың сөйлеу тілі қалай дамуы керек? пайда болған сөйлеу мәселелерін ата-аналар өздері шеше ала ма?
Баланың белсенді сөйлеу тілі бірнеше даму кезеңдерінен өтеді.
Сөйлеудің ең алғашқы көрінісі — баланың жылауы.
2–3 ай
Жылаудың орнын былдырлау басады. Былдырлау — а, ы, у дыбыстарына ұқсас дауысты дыбыстарды айту, кейде г дауыссыз дыбысымен бірге кездеседі. Бұл — сөйлеу аппаратының дыбыстарды айтуға белсенді дайындық кезеңі. Сонымен қатар сөйлеуді түсіну дамып, бала дауыс ырғағын басқаруды үйренеді.
7–9 ай
Бала бірдей буындарды қайталайды: «дя-дя-дя», «ба-ба-ба», «ма-ма-ма». Бұл сөйлеу көрінісі былдырлау (лепет) деп аталады.
9–11 ай
Сәби ересектердің сөйлеу дыбыстарына еліктей бастайды.
11–13 ай
Бала саналы түрде қолданатын алғашқы сөздер пайда болады. Бұл — бірдей буындардан тұратын екі буынды сөздер: «мама», «дядя» және т.б.
Екі жасқа қарай сөздік қоры едәуір артады (шамамен әртүрлі сөз таптарынан 300 сөз).
2–3 жас
2 жастан бастап бала фразалық сөйлеуді меңгере бастайды, алғашқы сөйлемдер пайда болады. Сөйлемдердің ұзындығы мен грамматикалық дұрыстығы өте тез артады. Баланың ішкі әлемі кеңейіп, қиялы қарқынды дамиды.
3,5 жасқа қарай
Баланың сөздік қоры 1000 сөзден асады.
3–4 жас
Бала сыпайы сөйлеу формаларын қолданады, септеулік шылауларды дұрыс пайдаланады, «не?», «қайда?», «қашан?», «неге?» деген сұрақтарға жауап береді, өткен шақ етістіктерін қолданады, дыбыстарды айтудағы кемшіліктер біртіндеп жойыла бастайды.
4–5 жас
Күрделі сөйлемдерді пайдаланып, байланыстырып сөйлеуді меңгереді, барлық грамматикалық формаларды қолданады. Тұрмыстық заттарды, олардың қасиеттерін, түстерін білдіретін сөздер пайда болады. Қарама-қарсы дыбыстары бар буындарды қайталайды, дыбыс ағынынан берілген дыбысты ажырата алады. Дауыссыз дыбыстардың дұрыс айтылуы қалыптасады.
5–6 жас
Бала заттарды өздігінен жіктеп, жалпылай алады, ана тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтып, ажыратады, сөздердің дыбыс-буындық құрылымын сақтайды, ойдан шығарылған әңгімелер айтады, өзі туралы толық ақпарат береді, нақты заттарға сипаттама жасап, сюжеттік суреттер топтамасы бойынша әңгіме құрастырады.
Міне, баланың сөйлеу тілінің даму кезеңдері осындай. Егер қандай да бір ауытқуды байқасаңыз, оны өздігінен қалдырмаңыз. «Біздің баламыз да кеш сөйледі, кейін өзі-ақ сөйлеп кетті» деген кеңестерге ешқашан сенбеңіз. Бала сөйлейтіні анық, мәселе — оның сөйлеуінің қандай болатынында.
Ата-аналар, есте сақтаңыздар:
ұзақ уақыт бойы түзетілмеген сөйлеу кемшіліктерін түзету әлдеқайда қиын!
Бала сөйлеуін саз балшықпен салыстыруға болады: ол жұмсақ кезде оған дұрыс пішін беру оңай. Ал кепкен балшықтан бірдеңе жасап көріңізші — нәтижесі, ең кемі, көңіл көншітпейтін болады!
А ваш ребёнок хорошо говорит?
Вы, конечно, знаете, что ребёнок не рождается со сложившейся речью. Постепенно, шаг за шагом, он учится правильно и чётко произносить звуки, связывать между собой слова, строить предложения, ясно и последовательно излагать свои мысли. Перед многими родителями встают вопросы: как должна развиваться речь ребёнка? смогут ли они самостоятельно справиться с возникшими речевыми проблемами?
Активная речь ребенка проходит несколько этапов развития. Самым первым проявлением речи ребенка является крик.
2-3мес. На смену крику приходит гуление. Гуление — произнесение гласных звуков, близких к а, ы, у, возможно в сочетании с согласным г. Это этап активной подготовки речевого аппарата к произношению звуков. Одновременно осуществляется процесс развития понимания речи, малыш учится управлять интонацией.
7-9мес. Ребенок произносит серии одинаковых слогов: «дя-дя-дя», «ба-ба-ба», «ма-ма-ма». Это проявление речи называется лепетом.
9-11 мес. Малыш подражает звукам речи взрослых.
11-13 мес. Появляется несколько осознанно употребляемых ребенком слов. Это двусложные слова, состоящие из одинаковых слогов: «мама», «дядя» и т. д. Количество слов к двум годам значительно увеличивается (около 300 слов различных частей речи).
2-3 года. В 2 года начинается овладение фразовой речью, появляются первые предложения. Длина предложений и грамотность их построения увеличиваются очень быстро. Внутренний мир ребенка расширяется за пределы данного места и времени, бурно развивается воображение.
К 3,5 годам словарь ребенка насчитывает больше 1000 слов.
От 3 до 4 лет. Употребляет речевые формы вежливого обращения, правильно пользуется предлогами, отвечает на вопросы «что?, где?, когда?, почему?», использует в речи глаголы прошедшего времени, постепенно уходят дефекты звукопроизношения.
От 4 до 5 лет. Овладение умением связно рассказывать, используя сложные предложения, все грамматические формы. Появляются слова, обозначающие предметы обихода, свойства предметов, цвета. Повторяет пары слогов с оппозиционными звуками, выделяет в звуковом потоке заданный звук. Формируется правильное произношение согласных.
От 5 до 6 лет. Самостоятельно классифицирует и обобщает предметы, правильно произносит и различает все звуки родного языка, удерживает звуко-слоговую структуру слов, рассказывает выдуманные истории, даёт детальную информацию о себе, определения конкретным предметам, составляет рассказ по серии сюжетных картинок.
Таковы этапы развития речи ребёнка. Если вы заметили какое-либо отклонение, не пускайте всё на самотёк. Ни в коем случае не слушайте советов типа: «У нашего тоже было так, а теперь сам разговорился». Говорить – то ребёнок будет, только вопрос в том, что это будет за речь. Родители, помните: «застарелые» дефекты речи исправляются гораздо труднее!
Представьте себе, что речь ребёнка – это глина: пока она сырая – ей легко придать правильную форму. Но попробуйте что-нибудь слепить из уже подсохшей глины. Результат будет, по меньшей мере, плачевным!