04
тамыз
2026
Тақырыбы: «Гүлдер алаңы»
Тақырыбы:
«Гүлдер алаңы»
(дәстүрден тыс сурет салу техникасы – мақта таяқшасымен нүктелеу)
Мақсаты:
Балаларды дәстүрден тыс сурет салу техникасы – мақта таяқшасымен нүктелеу әдісі арқылы гүлдердің бейнесін салуға үйрету. Шығармашылық қабілеттерін, қиялын, эстетикалық талғамын дамыту. Түстерді үйлесімді қолдануға, ұқыптылыққа, әсемдікті бағалай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Мақта таяқшасымен сурет салу тәсілін меңгерту;
- Негізгі және қосымша түстерді ажыратып, үйлестіре қолдануға үйрету;
- Ұсақ қол моторикасын, саусақ қимылдарының икемділігін дамыту;
- Табиғатқа сүйіспеншілік пен әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Тәрбиешісі:Дүйсенбекқызы Ж.