«Балалардың қарым-қатынас пен өзара әрекеттесу қабілетін қалай дамытуға болады»
Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
Коммуникативтік дағдылар — баланың дос табуына, таныстық орнатуына және қоғамда өзін жүзеге асыруына көмектесетін негізгі база. Егер адам өз ішкі әлеміне тұйықталып қалса, оның қоғамда сұранысқа ие, белсенді тұлға болуы қиын. Ал өз ойын өзгелерге жеткізе алып, адамдармен еркін қарым-қатынас жасай білсе — жеке табысқа жетудің кілті өз қолында болады.
Алайда бұл кілт әр адамға туғаннан бері берілмейді. Жақсы жаңалық — баланың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға болады және оны дамыту қажет. Ал бұл мақала ата-аналарға оны қалай дұрыс жасау керектігін көрсетеді.
Коммуникативтік дағдылар дегеніміз не?
Латын тілінен аударғанда «communicative» сөзі «қарым-қатынасқа бейім», «ашық», «тіл табысқыш» деген мағынаны білдіреді.
Коммуникативтілік — тұлғаның бір ғана қасиеті емес, әртүрлі дағдылардың жиынтығы. Ол адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынас орнату, олармен өзара байланыс құра білу қабілетінде көрініс табады.
Шартты түрде коммуникативтік дағдылар екі топқа бөлінеді:
адамның өз ойын, сезімін жеткізуіне көмектесетін дағдылар (сөйлей білу, өзін-өзі бақылау, өзін таныта білу);
айналасындағыларды түсінуге көмектесетін дағдылар (келісімге келе білу, жанашырлық таныту, тыңдау және әңгімелесушіні ести білу).
Балаға коммуникативтік дағдылар не үшін қажет?
Жалғыз қалмау үшін. Қоғамның мүшесі болып, өз болмысын сақтай отырып, айналасындағылар тарапынан қабылдану үшін. Егер адам тек өзгелерді тыңдап, өзі туралы айта алмаса, ол жеке тұлға ретінде қалыптаспайды, өзінің «Менін» жоғалтады.
Ал керісінше, бала тек өзі туралы айтып, өзгелерді тыңдай алмаса, болашақта сапалы әлеуметтік байланыс орната алмайды, қарым-қатынас шеңберін кеңейте алмайды.
Коммуникативтік дағдылар баланың бойында біртіндеп, өсу мен даму барысында қалыптасады. Алдымен ол бейвербалды ақпаратты (мимика, ым-ишара, дауыс ырғағы) түсінуді үйренеді, кейін алғашқы сөздерді меңгереді. Уақыт өте келе әңгімелесушіні тыңдап, ести білуге, өзін оның орнына қоя білуге, адамаралық қатынастардың нәзік қырларын сезінуге үйренеді.
Қарым-қатынастың алғашқы дағдылары отбасында қалыптасады, кейін балабақшада, мектепте және өмір бойы дамып отырады. Сондықтан айналамен өзара әрекеттесе алу немесе алмау баланың ерте жастан бастап ересектік кезеңге дейінгі даму үдерістеріне байланысты.
Кейбір балалар өзгелермен тез тіл табысып, қарым-қатынасқа оңай түседі. Ал кейбіреулеріне бұл қиындық пен жайсыздық тудырады. Туа біткен қасиеттерді жоққа шығаруға болмайды, дегенмен коммуникативтілік — тұлға тәрбиесінің бір қыры. Бұл қарым-қатынас жасау қабілетін дамытуға болатынын және оны дамыту қажет екенін білдіреді.
Баланың коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін оған үш негізгі бағытты меңгеруге көмектесу керек:
қарым-қатынасқа деген ниет;
әлеуметтік қарым-қатынастың негіздерін білу;
қарым-қатынас жасай алу білігі.
Қарым-қатынасқа деген ниет
Бұл баланың айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға ішкі қажеттілік сезінуін білдіреді. Бұл қажеттілікті қалыптастыру керек. Егер ол болмаса, даму да болмайды. Ересек адам өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, өзін қарым-қатынасқа итермелей алады. Ал балалар мұны өздігінен істей алмайды.
Қалай қарым-қатынас жасау керектігін білу
Қарым-қатынасқа деген ниет жеткіліксіз. Оны қалай жасау керектігін де білу қажет. Кішкентай балалар қарым-қатынастың нормалары мен ережелерін білмейді. Ата-аналар оларға қатарластарымен қақтығысты қалай шешуді, әңгіме жүргізуді, амандасуды және басқа да әрекеттерді үйретеді.
Қарым-қатынас жасай алу
Бұл алдыңғы білімдерді тәжірибеде қолдану арқылы қалыптасады. Қарым-қатынас жасай алу келесі практикалық дағдылардан тұрады:
әңгімелесушінің қызығушылығын оята білу, оның назарын өзіне аудару;
мейірімділік, ашықтық;
өз пікірін тықпаламау, өзгелердің көзқарасын қабылдай білу;
өз ойын дәлелдей алу, көзқарасын сыпайы қорғау;
әңгімелесушіні өз ойымен, идеясымен қызықтыра білу;
жанжалды жағдайларды шеше алу, дау-дамай кезінде тепе-теңдік табу.
Қарым-қатынас жасаудағы тағы бір маңызды компонент — белсенді тыңдау. Бұл әсіресе холерик мінезді балаларға қиынға соғады. Олар өздері туралы, әсерлері мен қызығушылықтары жайлы көбірек айтқысы келеді де, әңгімелесушінің сөзін екінші орынға ысырып қояды.
Егер бала осы үш дағдыны сәтті меңгерсе, онда оның коммуникативтік дағдылары шынымен де дамыған деп айтуға болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік дағдылардың қалыптасу ерекшеліктері
Әр жас кезеңінде балалардың коммуникативтік дағдылары дамып, жетіле түседі.
Туғаннан 2 жасқа дейін
Бұл кезеңде бала тек физикалық емес, коммуникативтік тұрғыда да алғашқы қадамдарын жасайды. Бұл жаста баланың қарым-қатынас ортасы анасы, әкесі және жақын туыстарымен шектеледі. Бала өз қажеттіліктерін ересектерге жеткізуді және оларды түсінуді үйренеді.
2 жастан 4 жасқа дейін
Бұл кезеңде бала қатарластары әлемін ашады. Ол жалғыздан гөрі бірге немесе топпен ойнау қызығырақ екенін түсінеді. Эмоциялық-практикалық байланыс алдыңғы орынға шығады: бала диалог құрады, ойнайды. Өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезінеді: «Біз ойнаймыз», «Біз жүгіреміз» және т.б. Сөздік қоры көбейіп, коммуникативтік дағдылар тезірек дамиды.
4 жастан 6 жасқа дейін
Мектепке дейінгі жаста қарым-қатынас — әлемді және өмірдің сан қырын тану тәсілі. Өзара әрекет ойын арқылы жүзеге асады. Бұл кезеңде балалар әлі де эгоцентрлі болғандықтан, жанжалдар туындауы мүмкін. Бес жастағы бала сөздің қарым-қатынаста қаншалықты маңызды екенін түсіне бастайды. Біртіндеп балалар қарым-қатынастың жоғары деңгейіне көтеріледі.
Развитие коммуникативных навыков у дошкольников
Коммуникативные навыки — та база, которая помогает ребенку находить друзей, заводить знакомства и реализовывать себя в обществе. Когда человек замкнулся в своем мирке, ему тяжело стать востребованным и популярным. Но если он научился доносить свои мысли до окружающих и общаться с людьми — в его руках ключ к личному успеху.
Вот только ключ этот не дается каждому человеку при рождении. Хорошая новость — навыки общения с людьми в ребенке можно и нужно развивать. И наша статья подскажет родителям, как это сделать правильно.
Что такое коммуникативные навыки?
В переводе с латинского, «communicative» дословно означает: «коммуникабельный», «общительный».
Коммуникативность — это не отдельное качество личности, а целая совокупность разных навыков. И выражается она в умении общаться с окружающими людьми, способности строить с ними отношения.
Условно коммуникативные навыки делятся на две группы:
- навыки, которые помогают человеку передавать свои мысли и чувства (умение говорить, самоконтроль, самопрезентация);
- навыки, которые помогают понимать окружающих (умение договариваться, сопереживать, слушать и слышать собеседника).
Чтобы не остаться одному. Чтобы стать членом общества, быть принятым окружающими, оставаясь самим собой. Если человек не умеет говорить о себе, а только слушать других, он не станет индивидуальностью, потеряет свое «Я».
Другая сторона — ребенок умеет говорить исключительно о себе, но не умеет прислушиваться к другим. Такой человек в дальнейшем не сумеет качественно построить социальные связи, пополнить круг общения.
Коммуникативные навыки маленький человек приобретает постепенно, по мере роста и взросления. Шаг за шагом он учится считывать невербальную информацию (мимику, жесты, тон голоса), затем — учит первые слова. Взрослея, приобретает умение слушать и слышать собеседника, ставить себя на его место, воспринимать оттенки человеческих взаимоотношений.
Первые навыки общения формируются в семье, затем — в детском саду, школе и далее на протяжении всей жизни. Поэтому умение или неумение взаимодействовать с окружающими зависят от тех процессов, которые протекают с самого раннего детства и вплоть до периода зрелости.
Одни дети легче сходятся с окружающими, идут на контакт, им проще общаться и со сверстниками, и со взрослыми. Другие испытывают затруднения и дискомфорт. И хотя врождённые качества не стоит сбрасывать со счетов, всё же коммуникативность — это одна из сторон воспитания личности. Это значит, что умение общаться можно и нужно развивать.
Чтобы развить в ребенке коммуникативные навыки, нужно помочь ему овладеть тремя основами:
- желание общаться;
- знание основ социального общения;
- собственно умение общаться.
Это значит, что ребенок должен сам испытывать потребность в общении с окружающими людьми. И потребность эту можно и нужно вырабатывать. Если этого не сделать, прогресса не будет. Взрослый человек в силу жизненного опыта может мотивировать себя на общение с окружающими. Дети этого не умеют.
Знать, как общаться
Одного желания взаимодействовать с окружающими мало. Нужно ещё знать, как именно это делается. Маленькие дети не знают о нормах и правилах общения. Родители подсказывают, как решать конфликты со сверстниками, поддерживать разговор, здороваться и т.д.
Умение общаться
Этот пункт вытекает из предыдущего, когда коммуникативные знания применяются на практике. Умение общаться состоит из целого комплекса практических навыков:
- умение заинтересовать собеседника, привлечь к себе его внимание;
- доброжелательность, дружелюбие;
- умение принять мнение собеседника и не навязывать своё собственное;
- умение аргументировать информацию, тактично защищать свою точку зрения;
- умение увлечь собеседника за собой, заинтересовать его своим мнением, идеями;
- умение разрешать конфликтные ситуации, искать баланс во время улаживания спорных ситуаций.
Если ребенок успешно овладел этими тремя навыками, то можно сказать, что коммуникативные навыки у него действительно развиты.
Особенности формирования навыков коммуникации у дошкольников
На каждом возрастном этапе коммуникативные навыки детей развиваются и совершенствуются.
От рождения до 2 лет
В этот период ребенок делает первые шаги не только в физическом плане, но и в коммуникативном. Круг общения детей в этом возрасте ограничен мамой, папой и другими близкими родственниками. Дети учатся доносить свои потребности взрослым и, в свою очередь, понимать собеседника.
От 2 до 4 лет
В этом возрасте ребенок открывает для себя мир сверстников. Он понимает что вдвоём или в компании веселее, чем одному. На первый план выходит эмоционально-практическая связь с другими детьми: ребенок строит диалог, играет. Он ощущает себя причастным к обществу: «Мы играем», «Мы бегаем» и т. д. Постепенно словарный запас детей пополняется, и коммуникативные навыки развиваются быстрее.
От 4 до 6 лет
Общение в дошкольном возрасте — способ познать мир и жизнь в её многообразии. Взаимодействие происходит в игровой форме. В этом возрасте могут вспыхивать конфликтные ситуации, поскольку дети в этом возрасте ещё эгоцентричны. Пятилетний ребёнок уже осознаёт, насколько важны слова в общении со сверстниками. Постепенно дети переходят на более высокую ступень общения."