Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық дамуы
Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық дамуы
(Музыка жетекшісінің ата-аналарға арналған консультациясы)
Музыка – баланың жан-жақты дамуына ықпал ететін маңызды құралдардың бірі. Мектепке дейінгі жаста музыкалық даму баланың эмоциялық сезімін, есту қабілетін, қимыл-қозғалысын, шығармашылық ойлауын және эстетикалық талғамын қалыптастырады.
Балабақшада музыкалық даму жүйелі түрде жүргізіледі. Музыкалық ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалар ән айтуға, музыка тыңдауға, ырғаққа сай қимылдауға, қарапайым музыкалық аспаптарда ойнауға үйренеді. Бұл баланың өзіне деген сенімділігін арттырып, топта еркін әрекет етуіне көмектеседі.
Музыкалық дамудың балаға берер пайдасы:
эмоциялық көңіл күйін реттейді;
есту, ырғақ сезімін дамытады;
сөйлеу тілінің дамуына оң әсер етеді;
қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастырады;
шығармашылық қабілетін ашады.
Балабақшада жүргізілетін музыкалық жұмыстар:
жас ерекшелігіне сай әндер үйрету;
музыкалық-ырғақты қимылдар мен билер;
музыка тыңдау және талдау;
балаларға арналған музыкалық аспаптармен жұмыс;
мерекелік ертеңгіліктер мен ойын-сауықтар.
Ата-аналарға музыка жетекшісінің кеңестері:
үйде баламен бірге ән айтуға уақыт бөлу;
жасына сай музыкалық шығармаларды тыңдату;
баланың музыкаға деген қызығушылығын қолдау;
баланың орындауын сынамай, мадақтау;
музыканы күнделікті өмірде қолдану (ойын, демалыс кезінде).
Музыкалық даму – тек өнерге баулу емес, бұл баланың тұлғалық дамуына, эмоционалдық тұрақтылығына және әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін маңызды тәрбие бағыты. Балабақша мен отбасының бірлескен жұмысы баланың музыкалық қабілетінің ашылуына үлкен мүмкіндік береді.
Музыкальное развитие детей дошкольного возраста
(Консультация музыкального руководителя для родителей)
Музыка играет важную роль в всестороннем развитии ребенка дошкольного возраста. Музыкальное развитие способствует формированию эмоциональной отзывчивости, музыкального слуха, чувства ритма, координации движений и творческого мышления.
В детском саду музыкальное развитие осуществляется систематически. В процессе музыкальных занятий дети учатся петь, слушать музыку, двигаться в соответствии с ритмом, играть на детских музыкальных инструментах. Это способствует развитию уверенности в себе и умению взаимодействовать в коллективе.
Значение музыкального развития для ребенка:
развитие эмоциональной сферы;
формирование музыкального слуха и чувства ритма;
положительное влияние на развитие речи;
развитие двигательной активности;
раскрытие творческих способностей.
Музыкальная работа в детском саду включает:
разучивание песен с учетом возраста детей;
музыкально-ритмические движения и танцы;
слушание музыкальных произведений;
игру на детских музыкальных инструментах;
участие в праздниках и развлечениях.
Рекомендации музыкального руководителя родителям:
петь вместе с ребенком дома;
слушать качественную детскую музыку;
поддерживать интерес ребенка к музыке;
поощрять любые музыкальные проявления;
использовать музыку в повседневной жизни.
Музыкальное развитие – это не только обучение музыке, но и важная составляющая гармоничного развития личности ребенка. Совместная работа детского сада и семьи способствует успешному раскрытию музыкальных способностей каждого ребенка.