«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»
Дайындаған:қазақ тілі педагогі Сусымбаева А.Б.Ұлттық ойындар – халқымыздың ғасырлар бойы жинаған рухани мұрасы, тәрбие мен білім берудің баға жетпес құралы. Балабақша жасындағы балалар үшін ұлттық ойындар тек көңіл көтеру емес, тілді, ойды, мінез-құлықты және ұлттық сана-сезімді дамытудың тиімді жолы болып табылады.
Баланың туған тілге деген сүйіспеншілігі ең алдымен ойын арқылы қалыптасады. Қазақ тілі сабағында және күнделікті іс-әрекетте ұлттық ойындарды қолдану арқылы бала сөздік қорын байытып, қазақша дұрыс сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге үйренеді.
Ұлттық ойындардың тәрбиелік және білімдік маңызы:
Ұлттық ойындар арқылы бала:
қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын таниды;
ана тіліне құрметпен қарауды үйренеді;
сөздік қоры мен сөйлеу мәдениеті дамиды;
зейіні, есте сақтауы, ойлау қабілеті жетіледі;
қимыл-қозғалысы мен ептілігі артады.
Балабақшада ұлттық ойындар қалай қолданылады?
Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде:
«Сақина салу», «Арқан тарту», «Тақия тастамақ», «Асық ойыны» сияқты ойындар;
ұлттық тақпақтар, жаңылтпаштар, санамақтар;
мақал-мәтелдер мен жұмбақтар;
рөлдік ойындар арқылы тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі.
Бұл әрекеттер балалардың қазақ тілінде еркін сөйлеуіне, бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасауына және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне көмектеседі.
Ата-аналарға арналған кеңестер:
Үйде баламен бірге ұлттық ойындар ойнауға уақыт бөліңіз;
Қазақша ертегі оқып беріп, мазмұнын талқылаңыз;
Күнделікті тұрмыста қарапайым сөздерді қазақша қолдануға тырысыңыз;
Баланың қазақ тілінде сөйлегеніне қуанып, мадақтап отырыңыз;
Ұлттық мерекелер мен салт-дәстүрлерге бірге қатысыңыз.
Неге бұл маңызды?
Ұлттық ойын арқылы тәрбиеленген бала:
өз ұлтын, тілін құрметтейтін тұлға болып өседі;
басқа мәдениеттерге де сыйластықпен қарайды;
қоғамда өз орнын таба алатын, мәдениетті азамат болып қалыптасады.
Қорытынды
Ұлттық ойын – ұлттың жаны, халықтың рухани қазынасы.
Балабақша мен отбасының бірлескен жұмысы арқылы біз баланың жүрегіне қазақ тіліне, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті сіңіре аламыз.
«Национальная игра – сокровище нации»
(Консультация учителя казахского языка для родителей)
Национальные игры – это богатое духовное наследие народа, важнейшее средство воспитания и обучения подрастающего поколения. Для детей дошкольного возраста национальные игры являются не только формой развлечения, но и эффективным способом развития речи, мышления, поведения и национального самосознания.
Любовь к родному языку формируется у ребенка прежде всего через игру. Использование национальных игр на занятиях по казахскому языку и в повседневной деятельности помогает детям обогащать словарный запас, учиться правильно и свободно говорить, выражать свои мысли.
Значение национальных игр в развитии ребенка:
Через национальные игры ребенок:
знакомится с традициями и обычаями казахского народа;
учится уважать родной язык;
развивает речь и культуру общения;
совершенствует память, внимание и мышление;
укрепляет физическое здоровье и ловкость.
Как используются национальные игры в детском саду?
На занятиях по казахскому языку применяются:
игры «Сақина салу», «Арқан тарту», «Тақия тастамақ», «Асық ойыны»;
национальные считалки, скороговорки, загадки;
пословицы и поговорки;
ролевые и подвижные игры для развития речи.
Все это способствует свободному общению детей на казахском языке и формированию интереса к национальной культуре.
Рекомендации родителям:
Играйте с ребенком в национальные игры дома;
Читайте казахские сказки и обсуждайте их содержание;
Используйте казахские слова и выражения в быту;
Поддерживайте и поощряйте ребенка, когда он говорит по-казахски;
Участвуйте в национальных праздниках и традициях вместе с детьми.
Почему это важно?
Ребенок, воспитанный на национальных играх:
уважает свой народ и язык;
с интересом относится к культуре других народов;
вырастает культурной и гармонично развитой личностью.
Заключение
Национальная игра – это душа народа и его духовное сокровище.
Совместная работа детского сада и семьи помогает привить детям любовь к казахскому языку, культуре и национальным ценностям.