12
мамыр
2026
«Балабақша мен отбасы байланысы»
Дайындаған:тәрбиеші Дүйсенбекқызы Ж.
Құрметті ата-аналар! Баланың жан-жақты дамуы үшін балабақша мен отбасының бірлескен жұмысы өте маңызды. Балабақшада берілген тәрбие мен үйдегі тәрбиенің үйлесімді болуы – баланың жақсы азамат болып қалыптасуына әсер етеді.
Баланың күн тәртібін сақтау, тазалыққа үйрету, үлкендерді сыйлау, достарымен дұрыс қарым-қатынас жасау дағдылары алдымен отбасында қалыптасады.

Ата-аналарға кеңес:
- Балабақша күн тәртібін үй жағдайында да сақтауға тырысыңыз;
- Баланың өзіне қызмет ету дағдыларын дамытуға көмектесіңіз;
- Балаңызбен күн сайын әңгімелесіп, көңіл-күйін сұраңыз;
- Баланың жетістіктерін мақтап, қолдау көрсетіңіз;
- Балабақша шараларына белсенді қатысыңыз;
- Балаға кітап оқып беруді әдетке айналдырыңыз;
- Баланы тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеңіз;
- Балаға сыпайы сөздерді қолдануды үйретіңіз;
- Баланың дұрыс тамақтануы мен уақытылы ұйықтауына көңіл бөліңіз;
- Үйде балаға жағымды орта қалыптастырыңыз.