13
мамыр
2025
"EcoКод"( табиғи материалдармен цифрлық ойлау) жобасы аясында өткізілген Аудандық семинар.
2025 жылдың 13 мамыр күні «№131 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК базасында «EcoКод» жобасы аясында аудандық деңгейдегі семинар сәтті өтті.Семинарға Алматы қаласы Түрксіб ауданының барлық балабақша меңгерушілері, қалалық Білім беру ресурстар орталығының жетекшілері мен әдіскерлері қатысты.














Іс-шара барысында жоба аясында жүзеге асырылған педагогикалық тәжірибе, балалармен өткізілген шығармашылық және танымдық іс-әрекеттер, заманауи технологияларды (AR/QR, AI) қолдану жолдары таныстырылды.Қатысушыларға шеберлік сағаттар, көрмелер, музыкалық-шығармашылық қойылымдар ұсынылып, балабақша педагогтерінің кәсіби ізденісі жоғары бағаланды.Бұл семинар экологиялық тәрбие мен цифрлық сауаттылықты ұштастырған үздік үлгі ретінде танылып, тәжірибе алмасу алаңына айналды.















