Ересек "Бәйтерек" тобының 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігі🌷✨ » КГКП "Ясли сад №131"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№131 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 223-05-67
Әдіскер:
+7(727) 223-05-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ересек "Бәйтерек" тобының 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігі🌷✨
04
наурыз
2026

Ересек "Бәйтерек" тобының 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігі🌷✨

Ересек топта 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік ертеңгілік жоғары деңгейде өтті.

Бұл күні бүлдіршіндеріміз аяулы аналарға, ардақты әжелерге және мейірімді апайларға деген ыстық ықыласын ерекше ықыласпен жеткізді. Әсем әндер шырқалып, мәнерлі тақпақтар айтылып, көркем билер биленді. Балалардың шынайы көңілі мен мейірімге толы сөздері әр жүрекке жылулық сыйлады.

Мерекелік кеш қуаныш пен шаттыққа, гүл мен алғысқа толы әсерлі сәттерге айналды. Анаға деген құрмет пен сүйіспеншілік балалардың өнері арқылы айқын көрініс тапты.

Көктемнің шуақты мерекесі әр шаңыраққа береке, бақыт пен шаттық әкелсін! 🌷✨