18
наурыз
2026
18 наурыз – Ұлттық киім күні
Ұлттық киім күні – халқымыздың бай мәдени мұрасын, ұлттық нақыштағы киім үлгілерін дәріптейтін ерекше күн. Қазақтың ұлттық киімдері – ата-бабамыздың талғамы мен тұрмыс-тіршілігінің айқын көрінісі. Әрбір ою-өрнек пен киім үлгісінде терең мағына, ұлттық рух пен әсемдік үйлесім тапқан.
Осыған орай балабақшамызда «Кішкентай сәнбикелер мен батырлар» тақырыбында ерекше фотосессия ұйымдастырылды. Іс-шара барысында бүлдіршіндер ұлттық киім киіп, қазақтың сұлу қыздары мен айбынды батырларының бейнесін сомдады. Бұл балалардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, өз мәдениетіне деген сүйіспеншілігін оятуға ықпал етті.
