04
мамыр
2026
Балабақша аумағында кезекті залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді
Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балабақша аумағында жоспарлы түрде залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс барысында ойын алаңдары, серуендеу аймақтары, топ бөлмелері мен жалпы қолданыстағы орындар арнайы құралдармен өңделіп, санитарлық талаптарға сай толық тазартылды.
Бұл шаралар балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада тәрбиеленуіне жағдай жасауға бағытталған. Балабақша ұжымы санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып, тәрбиеленушілердің денсаулығын қорғауды басты назарда ұстайды.



