Информация » КГКП "Ясли сад №131"
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Ясли-сад №131»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Заведующий :
+7(727) 223-05-67
Методист:
+7(727) 223-05-67
Версия для
слабовидящих
Тақырыбы: «Отбасы – тәрбие мен мейірімнің бастауы» (#Otbasym2025 жалпыұлттық челлендж аясында)
11
сентябрь
2025
Тақырыбы: «Отбасы – тәрбие мен мейірімнің бастауы» (#Otbasym2025
Мақсаты: Балабақша тәрбиеленушілері мен ата-аналарды жалпыұлттық #Otbasym2025 челленджіне тарту арқылы отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана мен баланың бірлігін нығайту, қазақы салт-дәстүр мен ұлттық тәрбиенің маңызын көрсету.
Тақырыбы: «Тіл — халық қазынасы, рухани байлық»
05
сентябрь
2025
Тақырыбы: «Тіл — халық қазынасы, рухани байлық»
Мақсаты: Балалардың туған тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, өзге ұлт өкілдерінің тілдері мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, өлең-тақпақ айту арқылы тіл байлығын дамыту, көптілділікке деген қызығушылығын қалыптастыру.
Театрлық қойылым тақырыбы:”Мейірім мен әділет соты”
05
сентябрь
2025
Театрлық қойылым тақырыбы:”Мейірім мен әділет соты”
Қойылымның мақсаты: Балаларды әділдікке, мейірімділікке, заңды құрметтеуге баулу, дұрыс пен бұрысты ажырата білуге үйрету. Ертегі кейіпкерлері арқылы әділет пен мейірімнің өмірде маңызы зор екенін түсіндіру, достыққа, кешірімділікке, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Тақырыбы: «Білімге бастар қадам»
02
сентябрь
2025
Тақырыбы: «Білімге бастар қадам»
Мақсаты: Балалардың жаңа оқу жылына деген қызығушылығын арттырып, білім алуға деген ынтасын ояту, мектепке дейінгі ұйымдағы алғашқы күндерін мерекелік көңіл-күймен бастау. Достыққа, ұйымшылдыққа, әдептілікке тәрбиелеу, ата-анамен бірлесе отырып, баланың білімге деген құштарлығын дамыту.
Тақырыбы:”Конституция-бейбітшілік пен келісім кепілі” тақырыбында плактаттар көрмесі.
02
сентябрь
2025
Тақырыбы:”Конституция-бейбітшілік пен келісім кепілі” тақырыбында
Мақсаты: Балалардың Қазақстан Конституциясының маңыздылығын түсінуге, бейбітшілік пен келісімнің қоғамдағы орны мен құндылығын сезінуге тәрбиелеу, отансүйгіштік пен бірлікті дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, өз ойларын плакат арқылы жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
"Конституцияға саяхат" квест-ойын
29
август
2025
"Конституцияға саяхат" квест-ойын
Мақсаты: Балалардың Қазақстан Конституциясы туралы түсініктерін кеңейту, Отанға деген құрмет сезімін арттыру, құқықтық сауаттылықтың алғашқы дағдыларын қалыптастыру, квест-ойын арқылы ізденімпаздық, ойлау қабілетін және бірлесе әрекет ету дағдыларын дамыту.  
Педагогикалық кеңес
28
август
2025
Педагогикалық кеңес
Педагогикалық кеңес «Жаңа оқу жылындағы міндеттер: Балабақшадағы тәрбие мен оқытудың заманауи бағыттары» Мақсаты: - 2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау; - Балалардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін әдістемелік және тәрбие-білім беру жұмыстарын ұйымдастыру; - Педагогтердің кәсіби біліктілігін жетілдіру жолдарын айқындау.
«Таза Қазақстан – болашаққа аманат»
28
август
2025
«Таза Қазақстан – болашаққа аманат»
Мақсаты: Балабақша ауласында тазалық жұмыстарын ұйымдастыру арқылы балаларға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру; табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға тәрбиелеу; туған жеріне жанашырлықпен қарауға баулу.  
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 13 Вперед