"Алтын күз" ертеңгілігі
«Алтын күз!»
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп .
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс, береке ала келді.
(Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.)
Жүргізіші: Ал қане балалар күз туралы тақпақтарымызды айтайық .
1. Абзал: Қуандырып біздерді,
Кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді,
Кемелденсін халқымыз.
2. Амина: Жетті желмен алтын күз.
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін силаймыз.
3. Нұржан: Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала,
Астық толы айнала.
4. Адина: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
5. Рахман: Ұшты кенет жапырақ
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!
Ән: «Алтын күз»
Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа Күз ханшайымы келе жатқан сияқты.
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Балалар сендер бүгін әдемі сұлу болып кетіпсіңдер! Мен сендердің мерекелеріңді тамашалауға қонаққа келдім.
Жүргізуші: Келіңіз Күз ханшайымы бізбен бірге көңіл көтеріңіз.
Күз ханшайымы: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер сонын жауабын табыңдар.
1. Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. (Жеміс)
2. Ашулы қонақ бұл анық,
Тонын шешсе жыладық. (Пияз)
3. Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар дұрыс таптыңдар.
Жүргізуші: Күз ханшайымы біздің балаларымыздың биін тамашалаңыз.
Би: «Алма биі»
Күз ханшайымы: Өте, жақсы билейді екенсіңдер қыздар.
Көрініс.
Айжұлдыз: Тоқтаңдаршы, тоқтаңдаршы! Менің басым айналып, көздерім бұлдырап тұр.
София: Дәрігер шақырайық!
Айжұлдыз: Жо-жоқ дәрігер шақырмаңдар керек емес!
Нұржан: Менде дәрілер бар , дәрі ішіп ал. Ауырмау үшін суық суға жуынып тұру керек.
Адина: Ең дұрысы дәрігер шақырайық!
Адина дереу телефонды алып жедел жәрдемге қоңырау шалады.
Дәрігер: Менен сіздерге не көмек керек?
Балалар: Біздің Айжұлдызымызға дәрігерлік көмек керек болып тұр.
Дәрігер:А-а-а-а деп қане аузыңды ашшы........(тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген. Қол аяғың әлсіреген, дене қызуың бар, білдім неден ауырғаныңды, сенің ағзаңа дәрумендер жетіспейді.
Айжұлдыз: Енді не істеймін?
Дәрігер: Көп жемістер мен көкөністер жеу керексің. Жемістер табиғи болуы керек.
Айжұлдыз: Жарайды рахмет сізге.
Суық: (Холодрыга) Сендер менсіз не мереке тойлап жатырсыңдар! Сендер менің кім екенімді білесіңдерме?
Жүргізуші: Балалар бұл кім екен?
Балалар: Суық. (Холодрыга)
Жүргізуші: Балалар біз суықтан қорықпаймыз ия.
Балалар: Ия біз суықтан қорықпаймыз себебі біз таңертең денемізді шышықтырып жаттығу жасаймыз. Және де біз жақсы тамақ жейміз. Біз күштіміз суықтан қорықпаймыз.
Күз ханшайымы: Сен біздің мерекемізді бұзба біздің балаларымыз өте ақылды кел сен оданда бізбен бірге ойын ойна. Балалар менің жемістер мен көкөністерімнің барлығы араласып кетіпті соны маған жемістерді бір бөлек, көкөністерді бір бөлек жинап беріңдерші.
Ойын: «Жемістер мен көкөністерді жинау»
Қызыл –красный –red
Сары –желтый –yellow
Жасыл –зеленый –green
Күз ханшайымы: Балалар рахмет сендерге жемістер мен көкөністерді жақсы ажырата алады екенсіңдер.
1. Ильяс: Ходит осень в нашем парке,
Дарит осень всем подарки:
Фартук розовый –осинке ,
Бусы красные –рябинке,
Зонтик желтый –тополям,
Фрукты осень дарит нам.
2. Самир: Наступила осень,
Пожелтел наш сад.
Листья на березе
Золотом горят.
Не слыхать веселых
Песен соловья.
Улетели птицы
В дальние края.
Ән: «Осень»
Күз ханшайымы: Балалар әнді де тақпақты да өте жақсы айтады екенсіңдер.
Ойын: «Картошка жинау»
Суық (Холодрыга) Балалар сендер өте ақылды, күшті балалар екенсіңдер мен сендердің мерекелеріңді бұзбайақ қояйын. Сау болыңдар.
Ән: «Урожайная»
Би: «Жапырақтар»
Күз ханшайымы: Керемет балалар, жарайсыңдар! Менің басқа балабақшаға баратын уақытым болып қалыпты, мен енді кетейін келесі кездескенше сау болыңдар.
Балалар: Сау болыңдар.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсындемекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келесі кездескенше.