22
сәуір
2026
«Баланың музыкаға қызығушылығын қалай арттыруға болады?»
Музыка жетекшісінің ата-аналарға арналған кеңесі
Дайындаған:музыка жетекшісі Сайдуллаева Э.Б.
Құрметті ата-аналар! Музыка – бала тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі. Музыка арқылы бала әсемдікті сезінеді, ырғақты қабылдайды, есте сақтау қабілеті мен ойлау қабілеті дамиды. Ән айту, би билеу, түрлі музыкалық ойындар балалардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін арттырады.
Бала ерте жастан музыкамен танысса, оның сөйлеу мәдениеті, есту қабілеті және өз ойын жеткізе білуі жақсы қалыптасады. Сондықтан музыкаға деген қызығушылықты кішкентай кезден бастап дамыту өте маңызды.

Ата-аналарға кеңес:
- Үйде балалар әндерін, ұлттық күйлер мен әуендерді жиі тыңдатыңыз;
- Баламен бірге ән айтып, қарапайым би қимылдарын жасаңыз;
- Баланың музыкалық ойыншықтармен ойнауына мүмкіндік беріңіз;
- Балаңыздың өнерге деген қызығушылығын қолдап, мақтап отырыңыз;
- Музыкалық мерекелер мен ертеңгіліктерге қатысуына жағдай жасаңыз;
- Телефон мен теледидарды ұзақ қараудың орнына, музыкалық ойындарға көңіл бөліңіз;
- Балаға әннің мазмұнын түсіндіріп, бірге талқылаңыз;
- Ұлттық музыкаға қызығушылықтарын арттырыңыз.