«Табиғатпен үндескен өнер» тақырыбы аясында өткізілген аудандық семинар » КГКП "Ясли сад №131"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№131 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 223-05-67
Әдіскер:
+7(727) 223-05-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Табиғатпен үндескен өнер» тақырыбы аясында өткізілген аудандық семинар
05
ақпан
2026

«Табиғатпен үндескен өнер» тақырыбы аясында өткізілген аудандық семинар

КМҚК «№131 бөбекжай-балабақшасы» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, заманауи әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Осы мақсатта 2026 жылғы 5 ақпан күні «Табиғатпен үндескен өнер» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілеріне арналған аудандық семинар ұйымдастырылып өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты – табиғи материалдарды, соның ішінде қамысты пайдалану арқылы балалардың музыкалық, шығармашылық және эстетикалық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ педагогтерге тәжірибе алмасу алаңын ұсыну болды. Сонымен қатар, қамыстан жасалған музыкалық аспаптарды қолдану арқылы балалардың табиғатпен үйлесімділікті сезінуіне жағдай жасау көзделді.

Семинарға аудан көлеміндегі мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілері және педагогтер қатысты. Қатысушылар семинар барысында өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеялармен алмасуға мүмкіндік алды.