19
наурыз
2026
19 наурыз - «Жаңару күні»🌿
Жаңару күні – табиғаттың түлеп, тіршіліктің қайта жанданып, жаңа өмірдің бастау алатын ерекше кезеңі. Бұл күн – тазалықтың, жаңарудың және жақсылыққа ұмтылыстың белгісі.
Осыған орай балабақшамызда «Жасыл желек» тақырыбы аясында тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды. Тәрбиешілер балалармен бірге бөлме гүлдерін отырғызып, оларды күтіп-баптаудың маңызын түсіндірді.