26
сентябрь
2025
"Күзгі жәрмеңке"
Мақсаты:
Балалардың күзгі табиғат сұлулығын, молшылық пен берекенің мәнін түсінуіне ықпал ету, ұлттық дәстүрді құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ойын, ән, би, өлеңдер арқылы балалардың өнерін дамыту, ата-ана мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайта отырып, мерекені көтеріңкі көңіл-күйде өткізу. 🍂✨
Біздің балабақшада өткен «Күзгі жәрмеңке» мерекелік шарасы өте әсерлі, мазмұнды өтті. Балалар ән айтып, би билеп, күздің берекесін жырға қосып, өз өнерлерін паш етті.
Ең қуаныштысы – бұл мерекеміз туралы арнайы сюжет «Білім айнасы» арнасында жарияланды. 🎉
Бұл – біздің ұжымның, балалардың еңбегіне берілген үлкен баға әрі мерекенің жоғары деңгейде өткенінің дәлелі.
Барша қатысқан ата-аналарға, тәрбиешілерге зор алғыс! 🌿✨
Білім айнасы


