"Мектепке дейінгі білім беруде жасанды интеллектті қолдану" тақырыбы аясында қалалық семинар өткізілді » КГКП "Ясли сад №131"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№131 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 223-05-67
Әдіскер:
+7(727) 223-05-67
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектепке дейінгі білім беруде жасанды интеллектті қолдану" тақырыбы аясында қалалық семинар өткізілді
04
маусым
2026

"Мектепке дейінгі білім беруде жасанды интеллектті қолдану" тақырыбы аясында қалалық семинар өткізілді

Бүгін біздің балабақшамызда «Мектепке дейінгі білім беруде жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы балалардың шығармашылық, танымдық, логикалық және цифрлық ойлау қабілеттерін дамыту тәжірибесімен бөлісу, сондай-ақ табиғи материалдарды пайдалану негізінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Семинар барысында «EcoКод» жобасы таныстырылып, қамыс пен ши сияқты табиғи материалдар арқылы жасалған авторлық дидактикалық ойындар, STEM технологиялары, жасанды интеллект элементтері, шығармашылық жұмыстар мен шеберлік сағаттары ұсынылды.
🌱 Табиғат пен технологияны ұштастырған бұл жоба балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттері мен зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Құрметті қонақтарымызға, әріптестерімізге және семинарға қатысқан барша педагогтерге белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз!
🌿 Жасанды интеллект пен EcoКод тоғысқан жасыл әлемге бірге қадам басайық!